NDT қызметтері
NDT зертханасы (Nondestructivetest/бұзбай бақылау жасау)
Бұзбай бақылау жасаудың мәні ақауларды пайда бола бастаған кезеңінде анықтау және конструкцияның бұзылуына әкеп соқтыратын жағдайларға жол бермей, олардың алдын алу болып табылады. Қазіргі уақытта бақылаудың үш әдісі меңгерілді: ультрадыбыстық, соқпатоқтық, магниттік және капиллярлық. Компанияның зертханасы авиациялық қауіпсіздікке жауап беретін барлық стандарттарға сай және жұмыстың сапалы орындалуына қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Зертхана персоналы Еуропалық Авиациялық қауіпсіздік жөніндегі Агенттікпен мақұлданған ұйымда EN4179 еуропалық стандартының талаптарына (ҰК персоналының авиациялық өнеркәсіп саласындағы біліктілікке қойылатын талаптар) сәйкес оқудан және сертификаттаудан өтті.
Зертхананың жабдықпен және білікті персоналмен қамтылуы бізге қажет болған жағдайда керекті жұмыстарды жергілікті әуежайда ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның және басқа да елдердің кез келген әуежайында орындауға мүмкіндік береді.
Егер бұрын Қазақстанның авиакомпаниялары шетелдік мамандарды шақыртқан болса, бүгінгі күні Қазақстан аумағында осы түрдегі жалғыз зертхананың болуы Қазақстан және ТМД аумағындағы авиакомпанияларға қаражаттарын үнемдеуге мүмкіндік береді.