UTC
Almaty

Әуе кемеге техникалық қызмет көрсету

«Эйр Астананың» инженерлік-техникалық орталығы ТМД ішіндегі ең алдыңғы қатарлы орталықтардың бірі болып табылады. EASA Part 145 лицензиясын алғаннан кейін мұнда меншікті лайнерлерге техникалық қызмет көрсетудің толық кешені ғана емес, сонымен қатар басқа авиакомпаниялардың ұшақтарына шұғыл қызмет көрсету де жүргізіледі.
Компания инженерлері Еуропаның белгілі орталықтарында жыл сайын оқудан өтеді, бұл жоғарғы сапа және қаупісіздік стандарттарына сәйкес техникалық қызмет көрсету деңгейін ұстап тұруға мүмкіндік береді.
 
«Эйр Астана» АҚ-ң инженерлік-техникалық құрамы басқа авиакомпаниялардың сұраулары бойынша жекелеген тар шеңберде мамандандырылған  жұмыстарды және кешенді жұмыстарды орындау мүмкіндігін қарастыруға дайын.

IMG_9926.jpg