UTC
Almaty

Сату

Қазақстанда «Эйр Астананың» шетелде өндірілген ұшақтарға арналған қосалқы бөлшектердің үлкен қоймасы бар. Компанияның қолданысында Боинг 737/757/767, Эйрбас 319/320/321, Эмбраер 190, Фоккер 50 сияқты әуе кемелеріне арналған авиациялық құрамдас бөліктер бар.
Қосалқы бөлшектер тікелей өндірушілерден немесе олар мақұлдаған жеткізушілерден сатып алынады.

Одан басқа да шетелдік жеткізушілерден алынған консигнациялық қосалқы бөлшектердің резервіне қол жеткізе алады.

Компания қоймасы заманауи азаматтық авиацияның келешегі бар қозғалтқыштарға арналған BP2380, BPTO 2389, BPTO 2197, Mobil Jet Oil 2 турбиналық майларды, басты дүниежүзілік өндірушілермен мақұлданған және рұқсатталған жағармай мен гидравикалық сұйықтықтарды ұсынуға дайын.