UTC
Almaty

Жабдық және инструмент жалдау

Қойма иелігінде әуе кемелерін пайдалануға беру кезінде қолданылатын 12 000 бірліктен астам құрал-сайман, айлабұйым және жер усті техникалары бар.
 
Компания саясаты –  Boeing, Airbus, Embraer сияқты шетел әуе кемесін өндірушілермен, әуе кемеге техникалық қызмет көрсетуге арналған жүйелер және жабдықтар өндіретін зауыттармен мақұлданған құрал-сайман мен жабдықтың түпнұсқасымен жұмыс істеу.
 
Қойма әуе кемелерге толыққанды қызмет көрсету мақсатында үнемі жаңа және сапалы құрал-сайманмен, айлабұйымдармен және жер усті жабдықтармен толықтырылып отырады.   
 
Барлық құрал-саймандар өзіндік ыдыста және шарттарға, техникалық талаптарға, өндірушінің ұсыныстарына сәйкес жайларда сақталады, сонымен қатар еуропалық стандарт талаптарына сәйкес тексерістерден өткізіледі.
 
Құрал-саймандар қоймасы тәулігне 24 сағат, аптасына7 күн жұмыс істейді, бұл инженерлік-техникалық құрамға тәулік бойы әртүрлі типтегі әуе кемелеріне сапалы қызмет көрсетуге және жөндеу жұмыстарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

IMG_1001.JPG