UTC
Almaty

Біз туралы

Инженерлік-техникалық департамент – «Эйр Астана» ұлттық авиакомпаниясының шетелде өндірілген авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді жүргізетін бөлімшесі.
Компанияның инженерлік-техникалық департаменті Алматы халықаралық әуежайында орналасқан және Астана халықаралық әуежайында бөлімшесі бар.
Техникалық қызмет көрсету деңгейі компанияның инженерлік-техникалық персоналының зор техникалық тәжірибесі мен жоғарғы біліктілігінің арқасында қамтамасыз етіледі.
 «Эйр Астана» компаниясының заманауи жер үсті базасының техникалық арсеналы әуе кемелеріне ТБ бойынша қызмет көрсетуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Инженерлік-техникалық персоналдың жоғары деңгейлі кәсіби дайындығы Еуропалық биліктердің (EASA 145 директивасының талаптары бойынша) және Қазақстан Республикасы Инвестициялар Және Даму Министрлігінiң Азаматтық Авиация Комитетінің жұмыстарды орындау құқығына берген қажетті сертификаттарының болуымен расталған.
2011 жылы «Эйр Астана» авиакомпаниясы IATA-ның (Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы) пайдалану қауіпсіздігі бойынша халықаралық аудиттен сәтті өткен авиакомпаниялар тізімінде ресми тіркелген.
2011 жылы құрамдас бөлшектерді жөндеу орталығы ашылды және қазіргі уақытта орталықта авиациялық дөңгелектер мен тежегіштерге, батареяларға, асүйлік жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, ұшақтарды құрылымдық жөндеу цехтары, сондай-ақ Қазақстандағы бұзбай бақылау жасайтын жалғыз авиациялық зертхана жұмыс істейді.
Департаментте тәжірибелі инженерлердің және жабдықтың болуы қозғалтқыштарды, күш беретін қондырғыларды және шетелде өндірілген авиациялық техниканың басқа да агрегаттарын бороскоптау жұмыстарын орындауға мүмкіндік береді.
«Эйр Астана» АҚ-ы Қазақстан аумағындағы сертификатталған компаниялардың біреуі бола отырып, көптеген еуропалық және азиялық авиакомпаниялар үшін жүйелі қызмет көрсету (Transitchecks) қызметтерін ұсынады.